
2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы және ҚР ТЖМ құрылғанына 30 жыл аясында өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Акция аясында тұрғындарға ТЖ кезінде тәжірибелік іс-қимылдар көрсетіліп, өрт сөндіру техникаларының көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар, құтқару құралдарымен және оқу-жаттығу әдістерімен танысып, өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін бекіту үшін әдістемелік қолдау алды. Сондай-ақ, ТЖ саласында жұмысшы мамандығының бірі – ол, арнайы техниканың жүргізушісі. Аталған қызметтің маңыздылығы, ТЖ орнына қауіп-қатерсіз шұғыл жету, техниканың ақаулығына жол бермеу маңызды кәсіби іс-әрекет екендігі туралы аталып өтті.
Алматы облысының ТЖД