
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның 02.09.2020 жылғы № 51 дауылды ескертуі негізінде, ағымдағы жылдың 04 қыркүйегінде Алматы облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м / с.
Дауылды ескерту ықтималдығы 85-90%.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі