
Қасымжан Юсупович Ниязов өртке қарсы қызметтінің подполковнигі, 1966 жылы 8 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Шонжы аулында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы өрт қауіпсіздігі инженері. КСРО ІІМ Алматы өрт техникалық училещесінің 1989ж түлегі, Алматы жоғары техникалық училищесіның 1997 ж түлегі. Қасымжан Юсупович қарапайым өрт сөндірушісінен бастап Ұйғыр ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығына дейн жолдан өтті. Еңбек жолын Мәскеу қаласындағы 43155 әскери бөлімінде КСРО қарулы күштері қатарында қызметінен бастаған , содан Энергетический (Отеген батыр) аулының өрт сөндіру бөліміне аға өрт сөндірушісі болып жұмысқа орналасты. 1987-1989 жылдары КСРО ІІМ Алматы өрт техникалық училещесінде оқыған. 1996-1999 Кеген ауданы МӨҚҚБ және № 11 ӨСБ бастығы, 1999-2001 Шонжы ауылы № 10 ӨСБ-нің қарауыл бастығы, 2001-2005 Шонжы ауылы № 10 ӨСБ бастығы, 2005-2007 Ұйғыр ауданы МБжҚБ бастығы, 2007-2009 Ұйғыр ауданы ӨҚҚБ бастығы, 2009-2013 Ұйғыр ауданы ТЖБ бастығы болған. 15 қаңтар 2013 жылы запасқа шығарылды. Қызмет еткен жылдары Қасымжан Юсупович «Өртке қарсы қызметінің мінсіз атқарғаны үшін» 1,2,3 дәрежелі медальдармен, «ҚР қарулы күштерінінің 20 жылдығы», «Өртке қарсы қызметінің үздігі» белгісімен, әр түрлі грамоталармен, сондай ақ жоғары басшылықтан дипломдармен марапатталған. Қасымжан Юсупович қызмет еткен жылдары өзін тек жақсы жағынан көрсетті, атқарушы, тәртіпті және талапшыл болды. Ол жақсы қызметкер, сүйікті әке және күйеуі болды. Көптеген адамдар үшін үлгі болған, ал ең бастысы әкесінің ізімен жүрген және қазіріг уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері болып табылатын ұлдары үшін. Бұл екі ұлы: үлкен ұлы –Юсупов Бақытжан Касымжанович және кіші ұлы- Юсупов Бахтияр Касыжанович. Кішкентай кезінен бастап олар папасы сияқты, азаматтарды әр түрлі төтенше жағдайлардан қорғауға және азаматтық қорғау органдарының дамыуна өз үлестерін қосқысы келген. Қазіргі уақытта Юсупов Бақытжан Алматы қаласындағы № 5 МӨСБ аға өрт сөндірушісі және Юсупов Бахтияр Шонжы ауылының №10 ӨСБ өрт сөндірушісі болып жұмыс істейді. Олардың арманы орындалды және олар әкесінің үлгісіне сүйене отырып жүздеген адамның өмірін құтқарады деп сеніммен айта аламыз.
Пресс-служба ДЧС Алматинской области