Оқу сигналы бойынша Алматы облысы гарнизонының жеке құрамы жиналды

Оқу сигналы бойынша Алматы облысы гарнизонының жеке құрамы жиналды

Алдағы су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық аясында бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы тексерілді.

Бұл іс-шара Департаменттің жеке құрамының дайындық деңгейін және келу жеделдігін бағалауға бағытталған, бұл ТЖ жағдайында тиімді әрекет етудің кепілі болып табылады. Іс тәжірибиелік тексеру бөлімшелердің қойылған міндеттерді орындауға дайындығын нақты бағалауға мүмкіндік берді. Жауынгерлік дайындықты тексеру барысында нысанды киім-кешек, дабыл сөмкелері (рюкзактар), офицерлік планшеттер тексерілді, сондай-ақ көктемгі кезеңдегі ТЖ жою үшін қажетті техника, арнайы жабдықтар мен шанц аспаптары тексерілді.

Алматы облысы ТЖД