
Іле ауданында Облыстық ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Д. Д. Оразбековтың, Іле және Қарасай аудандарының ТЖБ бастықтарының қатысуымен су тасқыны қаупі бар учаскеге тексеру жүргізілді.
Жармұхамбет ауылындағы су тасқыны қаупі бар учаске зерттелді: "Монтажник", "Кирпичник", "Ивушка", "Кристалл" ПКСТ бойындағы Жармұхамбет өзенінің арнасы тексерілді, онда осы өзен арнасын механикалық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жеке тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту және еріген сулардың кедергісіз өтуі мақсатында өзен арнасын 1,2 км бойы механикалық тазарту жүргізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі