Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Дәулетқанұлы Оразбеков су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап, Жедел-құтқару жасағының бөлімшелеріне барды.

Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша  атқарушы Дәурен Дәулетқанұлы Оразбеков су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап, Жедел-құтқару жасағының бөлімшелеріне барды.

2025 жылғы 19 ақпанда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Дәулетқанұлы Оразбеков жұмыс сапарымен Шеңгелді ауылдық округіне барды. Сапар барысында ол су басуға бейім учаскелерді қарап, зерттеді, сондай-ақ Қосқұдық, Кербұлақ және Ақөзек ауылдарының жағдайын тексерді, онда су тасқыны қаупі бар учаскелер де қаралды.

Тексеру нәтижелері бойынша су бұру арналарын тазарту, науаларды жинау және су басу қаупін азайту үшін басқа да алдын алу шараларын жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, Д. Д. Оразбеков Қонаев қаласындағы Жедел-құтқару жасағының бөлімшелерінде болып, құтқарушылармен, қызметтік-тұрмыстық жағдайлармен, авариялық-құтқару автомобильдерімен және жабдықтарымен, қайықтармен және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен танысты.

Құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыруға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, тұрмыстық жағдайларды жақсартуға, арнайы техниканы жарамды күйде ұстауға ерекше назар аударылды. Аталған іс-шаралар су тасқыны маусымына дайындықты күшейтуге және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі