Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мұнара крандары жұмыс істейтін құрылыс алаңдарын аралап шықты

Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері мұнара крандары жұмыс істейтін құрылыс алаңдарын аралап шықты

Аралау «2023-2025 жылдарға арналған еліміздің құрылыс объектілерінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жүк көтеру механизмдерінің (мұнара крандарының) операторларымен байланысты өлім-жітімді азайту жөніндегі Жол картасын» орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Құрылыс учаскелеріне бару барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің міндеттерін түсіндірді. Мұнара крандарын тиісті тексеруді, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға баса назар аударылды.

Сонымен қатар, аралау нәтижелері бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерінде QR-коды бар стикерлер жабыстырылды. Оларды сканерлеу арқылы қызметкерлер мен мамандар мұнара крандарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жадынамаға жедел қол жеткізе алады, бұл құрылыс нысандарында хабардарлық пен қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Алматы облысының ТЖД