Су тасқыны мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинар өткізілді.

Су тасқыны мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинар өткізілді.

Алматы облысы ауылдық округтері әкімдерінің орынбасарларымен тиісті аумақтарда өрт және су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинарлар өткізілді.

Семинарға қатысушыларға әкімшілік ғимараттарды, объект аумағын, өртті анықтау жүйелерін күтіп-ұстауға, су тасқыны мен өртті анықтау кезіндегі алғашқы іс-қимылдарға қойылатын негізгі талаптар жеткізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны жағдайын жоюды және дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттері мен проблемалық мәселелері айтылды.

Алматы облысы ТЖД