Алматы облысында М. Ғабдуллин атындағы АГЗ-ға түсу бойынша үгіт жүргізілді

Алматы облысында М. Ғабдуллин атындағы АГЗ-ға түсу бойынша үгіт жүргізілді

Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Талғар қаласының орта мектеп оқушылары арасында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Cонымен қатар, жылыту кезеңінен өту кезеңінде оқушылармен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді, сондай-ақ өрт сөндіргішті пайдаланудың дұрыстығы айқын көрсетілді.

Іс-шара оқушылардың жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының кәсіптерін насихаттауға бағытталған.

Өз кезегінде, жоғары сынып оқушылары Азаматтық қорғау академиясына түсуге үлкен қызығушылық танытты, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы алған білімдері үшін мамандарға алғыстарын білдірді.

Алматы облысы ТЖД