
Брифингте Алматы облысының күштері мен құралдарының алдағы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығы туралы мәселелер талқыланды. Алматы облысының Өңірлік коммуникация қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Спикерлер ретінде төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Азаматов Дәурен Саматұлы және ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ АТЭТО филиалының басшысы Жолдасбеков Дастан Тұрлыбекұлы аталған мәселер бойынша айтып берді. Спикерлер БАҚ өкілдеріне алдағы су тасқыны қаупі бар кезеңге Департаменттің жүргізіліп жатқан жұмыстарын түсіндірді. Брифингте спикерлер БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.
Алматы облысы ТЖД