
Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Қарасай ауданы Қаскелең қаласы Асқарова көшесінде орналасқан «ALEM CITY» құрылыс дүкені қоймасында шыққан өртке талдау жасалды.
Өрт оқиғасын талдау барысында тілсіз жауды сөндірудің әртүрлі тәсілдері мұқият зерделенді. Сонымен қатар өмір тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өз ара іс қимыл алгоритміне ден қойылды. Бұл алгоритмдерді пысықтау бойынша департамент бастығы бірқатар тапсырмалар берді. Сондай ақ, өрт кезінде дұрыс шешім қабылдау маңыздылығы жеке құрамға жеткізілді.
Зерттеу жұмысының соңында, нәтижелі жұмыстарға назар аударылды.