
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» атты республикалық акция ұйымдастырды.
Акция аясында облыс мектептерінде балалар мен ата-аналарға төтенше жағдайларды алдын алу тәртібі бойынша интерактивті сабақтар өткізіліп, өрт сөндіру техникаларының көрмесі де ұйымдастырылды. Қатысушылар құтқару құралдарымен және оқу-жаттығу бейнероликтерімен танысып, өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін бекіту үшін әдістемелік қолдау алды. Бұл оқыту форматы балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтап қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдануды үйренуге көмектеседі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз кызметі