Алматы облысында өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

Алматы облысында өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді

 Алматы облысында жарылыс, өртену қауіпі бар обьектісінде өрттік тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. 

Іле ауданы,  Байсерке ауылы өнеркәсіптік аймақта орналасқан «Лукойл Лубрикантс Центральная Азия» ЖШС-нің жанар-жағармай материалдарын өндіру зауытында мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарда шартты өртті сөндіру бойынша өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты тартылатын құрылымдық күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау, жеке құрамның тактикалық шеберлігін арттыру, өрт қауіпсіздігін арттыратын күштер мен құралдарды басқару басшы құрамның практикалық дағдыларын жетілдіру.

Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі