
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін "Жұмысшы мамандықтар жылы" шеңберінде жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасына қатысушылардың қатарына қосу мәселесін «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалдарымен «Қазақстан Халық банкі» АО өкілдерімен ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Отау» және «Наурыз» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан істер төңірегінде банк мамандары кең көлемде ақпараттар беріп, қойылған сауалдарға толыққанды жауап берілді. Жалпы, «Наурыз» бағдарламасына барлық қазақстандық, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары, жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, «Отбасы банк» салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елдімекендердің тұрғындары қатыса алады.
Сондай-ақ «Наурыз» баспана алатындардың шотында 2 млн теңге болуы керек. Ал «Отау» бағдарламасының жылдың пайызы 7, алғашқы жарнасы 20 пайызды құрайды, несие 19 жылға қарастырылған, минималды депозит шотында 1 млн.тенге болуы қажет.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі