Су тасқыны қаупі кезінде өзіңізді және үйіңізді қалай қорғауға болады?

Су тасқыны қаупі кезінде өзіңізді және үйіңізді қалай қорғауға болады?

Су тасқынының негізгі себептері– қатты жауын-шашын, қардың жылдам еруі, жер асты суларының көтерілуі және өзендердегі мұз кептелістері. Қауіп-қатерді азайту және келеңсіз салдардан аулақ болу үшін алдын ала дайындалып, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

2025 жылдың басынан бастап көктемгі су тасқынына дайындық барысында ЖАО, ұйымдардың (объектілердің) меншік иелері және тұрғындар 52,9 шақырым арықтарды, 27,9 шақырым каналдарды, автомобиль және темір жолдардың астындағы 63 су өткізу құбырларын тазартты. Аудан және қала әкімдіктерімен елді мекендерден қар шығару үшін мердігерлік ұйымдармен шарттар жасалған, аудан әкімдіктерімен бірлесіп мердігерлік ұйымдармен 6 қар төгетін орын белгіленді. Ағымдағы жылдың басынан бастап елді мекендерден 17 мың м3 қар шығарылды. Су тасқыны жағдайының асқынуы жағдайында жалпы саны 1136 адамнан тұратын облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құрылымдарын топтастыру құрылды. Ол 347 бірлік техника (тракторлар, бульдозерлер, экскаваторлар – 115 бірлік крандар, тиегіштер, самосвалдар – 108 бірлік, эвакуациялық техника -65 бірлік, жоғары шыға алатын өтпелі техника (треколдар, Уаздар және т. б.) -19 бірлік дайындалды.), 130 мотопомпалар, 36 бірлік жүзу құралдары, 81,5 мың қап, 8,2 мың тонна инертті материалдар және 76 тонна ЖЖМ (48 тонна бензин, 18 тонна дизель). Бүгінгі таңда облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты және қатаң бақылауда.

Алдын ала не істеу керек?

- Ауа райы болжамын қадағалаңыз. Егер қатты жауын-шашын немесе кенеттен жылыну күтілсе, су деңгейінің көтерілуіне дайын болыңыз.

- Су ағызу жүйелерін тексеріңіз. Арналар мен арықтардың бітелмегеніне және судың еркін ағуына көз жеткізіңіз.

- Қажетті заттарды жоғары көтеріңіз. Егер үйіңіз қауіпті аймақта болса, құжаттарды, техниканы және маңызды заттарды биік жерге орналастырыңыз.

- Төтенше жағдай жиынтығын дайындаңыз. Оған шам, батареялар, ауыз су, дәрі-дәрмек, құжаттар және эвакуация жағдайында қажет заттар болуы керек.

- Аулада қорғаныс шараларын жасаңыз. Үй айналасына құм салынған қаптарды қойып, судың кіруіне тосқауыл жасаңыз.

Су тасқыны қаупі төнгенде не істеу керек?

- Электр және газды сөндіріңіз. Су тасқыны басталғанда, қысқа тұйықталуды болдырмау үшін электр қуатын өшіріңіз.

- Жертөлеге түспеңіз. Су кенеттен көтерілуі мүмкін, бұл өмірге қауіпті.

- Қауіпсіз жерге көшіңіз. Егер су деңгейі көтерілсе, қауіпті аймақтан кетіп, эвакуация бекеттеріне барыңыз.

- Төтенше қызметтерге хабарласыңыз. Су тасқыны қаупі төнсе немесе көмек қажет болса, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Су басқаннан кейінгі әрекеттер

- Үйге бірден кірмеңіз. Құтқару қызметтерінің рұқсатын күтіңіз, себебі ғимаратқа зақым келуі мүмкін.

- Электр және газ жүйесін тексертіңіз. Электр қуатын қоспас бұрын мамандарды шақырып, қауіпсіздігін тексертіңіз.

- Үйді көгеруден сақтаңыз. Ылғалдылық үй ішінің дымқылдылықтың көп болуы мүмкін, сондықтан ғимаратты мұқият кептіру қажет.

Алматы облысының ТЖД тәулік бойы жағдайға мониторинг жүргізеді және ескертеді: дер кезіндегі дайындық сізді, сіздің отбасыңыз бен мүлкіңізді қорғауға көмектеседі. Сақтық шараларын сақтаңыз және құтқару ескертулеріне мұқият болыңыз!

 

 

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі