
Алматы облысында жергілікті атқарушы органдардың газтехникалық инспекцияларының біліктілігін арттыру бойынша оқыту тренингі өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 21-19/5074-дз-3 «Газ және газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздікті арттыру және бақылауды оңтайландыру жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары» тапсырмасын бірлесіп орындауды талқылады.
Газ және газбен жабдықтау саласындағы бақылау мәселелеріне, сондай-ақ газ тұтыну жүйелері мен газбен жабдықтау объектілеріндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды. Негізгі тақырыптардың қатарында-тексерулерді ұйымдастыру тәртібі, оларды «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» электрондық жүйелерінде ресімдеу болып табылды.
Тренинг қорытындысы бойынша әкімдік өкілдеріне іс-шаралар жоспарының тиісті тармақтарын орындау мерзімдерін көрсете отырып, хаттамалық тапсырмалар жіберілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі