
Ойындардың мақсаты-Алматы қаласындағы жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезінде басқару органдарының іс-қимылдарын пысықтау.
Алматы қаласында жер сілкінісінің салдарын жою бойынша командалық-штабтық ойындарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқаулыққа сәйкес Департамент құрылымдық бөлімшелерімен жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен танысу және олармен практикалық пысықтау бөлігінде жұмыс кеңесін өткізді.
Сондай-ақ, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуде әрбір бөлімшенің жауапкершілік аймақтары мен дербес рөлі айқындалды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі