
Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Алматы облысының кәсіпорындарында қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандырудың төмен деңгейі» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Алматы облысы ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Р. Рахимбулеков нормативтік мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғыларды уақытылы жаңартуға және кәсіпорындарда өндірістік қызметті бақылауды жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғалардың рөлін күшейтуге қатысты мәселелерді айтты.
Брифинг соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ келесі шаралар бойынша ұсыныстар берілді:
- қауіпті өндірістік объектілерде техникалық құрылғылардың пайдаланылуына өндірістік бақылауды күшейту, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметкерлерді сапалы даярлау мен аттестаттауды жүргізуді қамтамасыз ету;
-қауіпті өндірістік объектіні техникалық қайта жарақтандыруды, күрделі жөндеуді, жаңғыртуды, консервациялауды және жоюды уақытылы жүргізу.