Алматы облысында дауылды ескерту

Алматы облысында дауылды ескерту

"Қазгидромет" РМК хабарлауы бойынша 2025 жылы 11-12 ақпан аралығында сағат 20:00-ге дейін, сондай-ақ 12 ақпан күні күндіз Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Сақтық шараларын ескеруді, ашық жерлерде қозғалысты шектеуді және мүмкіндігінше автокөліктерді ағаштардың астында және әлсіз бекітілген құрылымдарда қалдырмауды ұсынамыз.