Қапшағай су қоймасындағы рейдтік іс-шаралар

Қапшағай су қоймасындағы рейдтік іс-шаралар

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Алматы облысы ПД қызметкерлерімен бірлесіп Қапшағай су қоймасында, атап айтқанда мұз астындағы балық аулаудың сүйікті учаскелерінде рейдтік іс-шаралар жүргізілді. 

Рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар, атап айтқанда, көлік құралдарымен өткелдер үшін бегіленген орындардың тыс аймақтағы мұзға шығу фактілері анықталды. 

Осы тұлғалармен қауіпсіздік ережелерін жеткізу және оларды сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша мұзда көлік құралдары байқалмады.

Сонымен қатар, рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін демалушыларға кіріктірілген дауыстап сөйлейтін құрылғы арқылы жеткізу және балықшыларды түнде тепловизор есебінен анықтау мақсатында дрон пайдаланылды.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі