
Ұйғыр ауданы Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында Асқар Забикулин атындағы "Жас өрт сөндірушілер" патриоттық клубымен кездесу өтті.
Іс-шараға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Д.Оразбеков қатысып, клуб мүшелерімен өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы және өмірде дұрыс жолды таңдау туралы ашық диалог жүргізді.
Ашық алаң қауіпсіздік, батылдық және патриотизм мәселелерін талқылайтын орынға айналды. Мұндай кездесулер жастарды алға жетелейді және құтқарушы мамандығына саналы көзқарасты қалыптастырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі