Алматы облысында "Көктем-2025"Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы жалғасуда

Алматы облысында "Көктем-2025"Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы жалғасуда

Алматы облысында "су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбында "Көктем-2025"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жалғасуда.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығын арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.

"Көктем-2025" Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде 2025 жылғы 7 ақпанда Талғар ауданының Тұздыбастау ауылының аумағында №28237 Департамент пен әскери бөлімнің жеке құрамы салындсапқа тұрғызылды. Сондай-ақ,  2 шақырым ұзындықтағы арық механикаландырылған жүйемен тазартылды, бұл тұрғын үй аулаларының су басып қалу қаупін тудырды. Оқу-жаттығу аясында Тұздыбастау ауылындағы 15 жеке тұрғын үйді су басып қалу қауінің алды алынды.

Оқу-жаттығуға облыстық ТЖД қызметкерлері мен №28237 әскери бөлімі қатысты.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі