Алматы облысында өрт қауіпсіздіқ айлығы басталды!

Алматы облысында өрт қауіпсіздіқ айлығы басталды!

Статистика бойынша өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алады, сондықтан азаматтық қорғау органдары халықпен профилактикалық іс-шараларды өткізуге көп көңіл бөледі.

Ағымдағы жылы Алматы облысында 2020-2021 жж. жылыту маусымы басталар алдында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды, айлықты өткізудің мақсаты халық арасында өртке қарсы білімді, пешпен жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау, балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу, халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылады.

Аулаларды және пәтерлерді аралау, тұрғындармен жиналыс өткізу барысында өрт қауіпсіздігі саласында оқыту жүргізіледі, бұл адамдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы сауаттылығын арттыруға, электр жабдықтарымен және жылыту жүйелерімен жұмыс істеуге әкеледі. Сонымен қатар, мүгедектер, жалғыз басты аналар және жалғыз қарт адамдар, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар сияқты тәуекел тобына кіретін тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 15 тамыздан бастап халықтың осал топтарының жататын 2807 үйі тексерілді, тексеру барысында 5 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді. Күнделікті аулаларды аралаумен қатар, сенбі күндері халықпен кең ауқымды үгіт-насихат іс-шаралары ұйымдастырылады. Азаматтық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халық арасында интернет-кеңістігі танымал екенің ескере отырып, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ресми сайттарда өрт қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратты тұрақты негізде орналастыру практикасы жалғастырылуда. Адамдар көп жиналатын объектілерде дауыс зорайтқыш байланыс бойынша 147 сөз сөйлеу өткізілді. 2019 жылы облыс әкімдігімен бөлінген 169 млн. 490 мың теңгеге халықтың осал топтарының үйлеріне 24 501 улы газды анықтау датчиктері сатып алынды және орнатылды

Сондай-ақ, ауданның барлық оқу орындарында балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алуға бағытталған өртке қарсы іс-шаралар кешені өткізіледі.

Өрт қауіпсіздігі айлығы өрттер мен адамдардың оттан қаза болуының алдын алу, Халықты қауіпсіздік және тіршілік әрекеті негіздеріне оқыту мақсатында өткізіледі. Өрт қауіпсіздігі мәселелерін талқылай отырып, " Отпен абай болыңыздар!»

 Алматы облысының баспасөз қызметі