Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Д. Масабаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында алты мәселе қаралды:
- Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және 2025 жылға арналған негізгі міндеттері туралы.
- Алматы облысының аудандары мен қалаларының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және қауіпсіз өткізу туралы.
- Гидротехникалық құрылыстардың су тасқыны кезеңіне дайындығы.
- Алматы облысының аумағында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Аудандық және облыстық деңгейлерден құлақтандыру жүйесін басқару мүмкіндігімен төтенше жағдайлардың есептік аймақтарында орналасқан елді мекендерде жергілікті құлақтандыру жүйелерін құру туралы.
- Жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген азаматтық қорғауды және жұқтыру мүмкіндігі бар аймаққа түсетін халықты сақтау.
Жоғарыда көсетілген алты мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты тапсырмалар берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Алматы облысы ТЖД
баспасөз қызметі