Проведен открытый урок на тему: «Не позволяйте детям играть с огнем» 

Проведен открытый урок на тему: «Не позволяйте детям играть с огнем» 

2025 жылы 4 ақпан күні Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлерімен Ұзынағаш ауылындағы "Айгөлек" балабақшасында "Балалардың отпен ойнауына жол бермеу туралы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мұндағы басты мақсат өміріміздің жалғасы болып табылатын бүлдіршіндерді түрлі төтенше жағдайлардан қорғау және балабақша қызметкерлерін төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге баулу болып табылады.
ТЖ қызметкерлері аталған шара барысында балабақша тұлғаларына өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, өрт немесе ТЖ кезінде «101» және «112» телефон нөмірлеріне хабарласу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, аталған шара барысында балаларға өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша мультфильмдер көрсетіліп, түрлі-түсті суреттермен бейнеленген, төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережесі қамтылған жаднамалар таратылды. Ата- аналардың назарына балаларды жалғыз және қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.