Қауіпсіздікке баса назар: Қонаев қаласында автогаз құю станциялары бойынша бірлескен рейд өтті

Қауіпсіздікке баса назар: Қонаев қаласында автогаз құю станциялары бойынша бірлескен рейд өтті

Алматы облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы, Қонаев қаласының жергілікті атқарушы органының газ-техникалық инспекциясы бөлімі және Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында орналасқан автогаз құю станцияларына  жоспарлы тексеру жүргізді.

Іс-шараның мақсаты — газ жүйелері мен жабдықтарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Инспекторлар тұрмыстық газ баллондарына заңсыз газ құю фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударды. Мұндай әрекеттер халықтың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретіні белгілі.

Тексеру барысында мамандар: жабдықтардың техникалық жағдайын бағалады;      өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалады;       АГҚС қызметкерлеріне газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осындай іс-шаралар төтенше жағдайлардың алдын алу, апаттық жағдайлар қаупін азайту және халықты газбен жұмыс істеу кезінде туындайтын ықтимал қауіптерден қорғау бағытында маңызды рөл атқарады.

Алматы облысы ТЖД ескертеді: өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау — әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғаудың кепілі.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі