Қар көшкіні қаупі!

Қар көшкіні қаупі!

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Алматы облысының тауларында 2025 жылғы 03 - 10 ақпан аралығында көшкін қаупі бар. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкіні температураның жоғарылауына және жаңбыр мен қалың қар түсуіне байланысты болады.

 

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі