
Алматы облысында су тасқыны және көшкін қаупі бар учаскелер тексерілді
Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Масабаевтың, облыс ТЖД бастығының м.а. Д. Оразбеков, әкімдік және бейіндік қызметтер өкілдері қатысуымен Талғар, Іле , Жамбыл және Балқаш аудандарында тексеру жүргізілді. Зерттелген учаскелер: Бесағаш ауылындағы көшкін қаупі бар учаске, Талғар қаласындағы селді ұстап тұрған бөгет, Ворошилов су қоймасы (Байкент ауылы), су тасқыны қаупі бар учаске (Жармұхамбет ауылы), "Книжевское" су қоймасы, сондай-ақ Бақанас ауылындағы Іле өзенінің жағалауы зерттелді. Су басу қаупі бар аумақтар тексерілді. Судың өткізу қабілетін арттыру, арнаны тазарту және жағалау сызығын нығайту жөніндегі шаралар талқыланды. Тексеру қорытындысы бойынша су тасқыны қаупін азайту үшін бірінші кезектегі шаралар кешені анықталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі