Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Д. Оразбековтың аумақтық бөлімшелерге жұмыс сапары

Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Д. Оразбековтың аумақтық бөлімшелерге жұмыс сапары

Подполковник Д. Оразбеков Қарасай, Жамбыл және Балқаш аудандарының ТЖ және өрт сөндіру бөлімдерінің гарнизондарына, сондай-ақ Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында орналасқан #28237 әскери бөліміне барды.

Сапар барысында ол бөлімдердің жеке құрамымен, олардың қызметтік-жауынгерлік міндеттерімен танысты, сондай-ақ бөлімшелердің инфрақұрылымын зереледі. Подполковник Оразбеков тұрғын үй-жайларды, материалды-техникалық қамтамасыз етілуін қарап, жеке  құраммен кездесу өткізді, қызметтік және әскери тәртіптің жай-күйін, сондай-ақ бөлімшелерде тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын тексерді.

Өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, бөлімшелердегі тұрмыстық жағдайларды жақсарту, сондай-ақ өрт техникасын жарамды күйде ұстау мәселелеріне ерекше назар аударды.