Алматы облысындағы KAZ-06 автожолының учаскесінде көлік қозғалысы уақытша жабылды
"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ АОФ хабарламасына сәйкес, 2025 жылғы 31 қаңтар сағат 18:00-ден бастап "Алматы-Тараз-Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе" Республикалық маңызы бар Kaz-06 автожол учаскесінде жол-метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша жабылды.
Шектеулер 59-шы шақырымнан (Жаңақұрылыс ауылы) 143-ші шақырымға дейін (Жамбыл облысының шекарасы) қалың қардың, қатты желдің және жолдың көрінбеуі салдарынан жол жабылды.