Алматы облысында ағзалар мен тіндердің донорлығы мәселелері бойынша конференция өтті

Алматы облысында ағзалар мен тіндердің донорлығы мәселелері бойынша конференция өтті

ZOOM платформасында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының, "Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК өкілдерінің және Токе Ақерке Тұрысбекқызының қатысуымен конференция өтті. Алматы облысының трансплантология үйлестірушісі Тойеке Ақерке Тұрсынбайқызынан ТЖД қызметкерлері донорлықтың маңыздылығы туралы толық ақпарат алды

Талқылаудың негізгі тақырыбы мидың өлімін растауға, органдар мен тіндердің донорлығына келісуге, сондай-ақ медициналық биологиялық өлімді растаумен бірге жүретін процестерге қатысты мәселелер болды.

Іс-шара барысында қатысушылар мәлімделген мәселелер бойынша толық ақпарат алды. Сондай-ақ, донорлықтың маңыздылығы мен оны дұрыс түсінудіруге  бағытталған насихат жұмыстары жүргізілді. Жеке құрам белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, мамандардан өздеріне қажетті толық жауаптарын алды.

Қатысушылардың хабардарлық деңгейін бағалау үшін сілтеме немесе QR коды арқылы қол жетімді сауалнама кері байланысы ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу донорлық тақырыпты насихаттауда және медициналық жүйеге деген сенім деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады.

 

                                   Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі