Президенттік мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға оқытылды

Президенттік мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары ТЖ кезіндегі іс-қимылдарға оқытылды

 Алматы облысының ТЖД қызметкерлері Президенттік академия тыңдаушыларына Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша оқыту өткізді.

2025 жылғы 30 қаңтарда Алматы облысы бойынша Президенттік мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында Департамент қызметкерлері Академия тыңдаушыларына төтенше жағдайлары барысында іс-қимыл ережелеріне оқыту жүргізді.

Сабақта мемлекеттік қызметшілер жер сілкінісі, өрт, сел, көшкін сияқты ТЖ жағдайында әрекет етудің практикалық дағдыларын алды. Сондай-ақ қатысушыларға зардап шеккен азаматтарды қабылдау орындары, дабыл чемоданның маңыздылығы және құрылымдық емес сейсмикалық күшейту әдістері туралы айтылды.

Білімдерін арттыру үшін барлық қатысушыларға азаматтық қорғау бойынша үгіт материалдары таратылды. Іс-шараға 20 қызметкер қатысып, білімдерін жетілдіріп,  төтенше жағдайларға дайындықпен аяқтады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі