
"Қазгидромет" РМК-ның 2025 жылғы 29 қаңтардағы сағат 20:00 де, 2025 жылғы 29 қаңтардың 20:00 ге дейін уақыт аралығында және 2025 жылғы 30 қаңтардағы сағат 20:00 дейінгі кезеңдерде күндізгі кезеңдерде Алматы облысының таулы аймақтарында қалың қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ, кей жерлерде тұман болады. Облыстың батыс, солтүстік-батыс, шығыста желдің екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қаласында 30 қаңтарда тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Алматы облысы ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарына төмендегі ережелерді ұсынады:
Жол жүру ережесін сақтаңыздар,
Қысқы дөңгелекті, пайдаланыңыз,
Жолда жүргенде жылдамдықты азайтыңыз.
Ұзақ серуендеуден және тауға барудан аулақ болыңыз.
Көктайғақ кезінде жарақат алмау үшін жолда жүргенде абай болыңыз.
"Қазгидромет" РМК ескертулеріне назар аударыңыз.