
2025 жылғы 29 қаңтарда сағат 01:20-да Алматы облысы ТЖД-нің кезекші пультіне Еңбекшіқазақ ауданының «Буғыты» таулы аймағында үш адамның жалға алынған Mitsubishi Pajero автокөлігімен Шарын шатқалынан демалыстан қайтып келе жатып, қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Адамдар қардың ортасында қалып, деседе олармен байланыс үзілмеді.
Құтқару операциясын жүргізу үшін ТЖД-ның 9 қызметкері және 2 техникасы жіберілді.
Сағат 07:35-те құтқарушылар «Бұғыты» таулы аймағына келгенде сол жерде көлік қар құрсауында қалғаны анықталған. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында үш адам сәтті құтқарып алынды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.
Құтқарылғандар көмек пен жанқиярлық үшін құтқарушыларға алғыс білдірді.
Олар жақын маңдағы Шелек ауылына жеткізілді.
Алматы облысы ТЖД азаматтарға сапарларды жоспарлау кезінде, әсіресе таулы аймақтарда, ауа райы жағдайларын ескеруді еске салады және барынша сақ болуға шақырады.
Төтенше жағдайларда жедел көмек алу үшін 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі