Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды

Төтенше жағдайлар жөніндегі Вице-министр Серік Төленбергенов Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым мен ТЖ департаментінің жеке құрамына жаңадан тағайындалған департамент  бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Дәурен Оразбековті таныстырды. 

Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастаған, бұрын атқарған лауазымы ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының бастығы.

Вице-министр Департаменттің алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өтті: халық арасындағы қауіпсіздікті арттыру, азаматтардың құтқару қызметіне деген сенімін нығайту және қойылған міндеттерді тиімді орындау. Ол подполковник Дәурен Оразбековтың басшылығымен өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар атқаратынына сенім білдірді. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Вице-министрге әкімдік басшылығы өңірдің дамыту жоспарын таныстырды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі