
Шеберлік сағатында кәсіби маман электр сымдарының өртке қауіпсіз және қауіпті жағдайларын ашып көрсетті.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті электр қауіпсіздігіне арналған кезекті шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – халыққа электр сымдарын дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануды үйрету, сондай-ақ электр жүйелерімен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау.
Шеберлік сағатында маман нақты мысалдар арқылы электр сымдарын қауіпсіздік жағдайына келтірудің маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, жарық жүйелерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты маңызды ақпарат ұсынылып, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі