
2025 жылғы 23 қаңтардағы сағат 20:00-ден 24 қаңтардағы сағат 20:00-ге дейінгі аралықта «Қазгидромет» РМК №15 дауылды ескертуіне сәйкес, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Қонаев қаласында 24 қаңтарда кей жерлерде тұман болады деп болжануда.
Өңір тұрғындарына, әсіресе көлік жүргізу кезінде, қауіпсіздік шараларын сақтап, ауа райы жағдайларын ескеріп, сапарларды жоспарлау ұсынылады.