
2025 жылғы 21 қаңтарында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде “Ашық есік күні” өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың өрт қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру және қауіпсіздік шараларын сақтау. Оқушыларға өрттің шығу себептері, отпен ойнаудың қауіптілігі, тұрғын үй секторындағы қауіпсіздік ережелері, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Шарада оқушыларға жиі пайдаланылатын электр қондырғыларының жанған және балқыған макеттері көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД