Дауылды ескерту
«Қазгидромет» РМК-ның 2025 жылғы 22 қаңтардағы №14 дауылды ескертуіне сәйкес, 22 қаңтар сағат 20:00-ден 23 қаңтар сағат 20:00-ге дейін Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында келесі ауа райы құбылыстары күтіледі:
•Тұман және көктайғақ;
•Жолдарда қарлы мұз қату;
•Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел, облыстың шығысында және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қонаев қаласы:
23 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жолдарда қарлы мұз қату күтіледі.
Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел, түнде жел екпіні 18-23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын ұстаныңыз.