АОФ АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарлауынша, 2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 23:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты қар, көктайғақ және температураның төмендеуі) республикалық маңызы бар Р-21 «Алма-Тау туристік базасына кірме жолы» автожолында жүк және жолаушылар көлігінің (автобустарды қоса алғанда) қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу 0 км (Тұздыбастау ауылы) мен 15 км (Бесқайнар ауылы) аралығында қолданылады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының хабарлауынша, 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 23:00-ден бастап Қарағанды облысындағы жол учаскесінің жабылуына және көлік құралдарының жиналуын болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар М-36 «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2295 км (Қаншенгель ауылы) мен 2214 км (Жамбыл облысының шекарасы) аралығында Қарағанды қаласына бағытталған жүк және жолаушылар көлігіне (автобустарды қоса алғанда) қозғалысқа шектеу енгізілді.
Маршрутыңызды жоспарлағанда бұл шектеуді ескеріңіз және абай болыңыз.