Болашақ мамандық: құтқарушы - нағыз батырлар үшін игі іс

Болашақ мамандық: құтқарушы - нағыз батырлар үшін игі іс

Жақында Кеген ауданында "Болашақ мамандығым"атты іс-шара өтті. Оны Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 1 курс курсанты Жангелді М., сондай-ақ аудандық Мәжіліс депутаты Алмасбек Нұғман ұйымдастырды. Кездесу оқушыларды құтқарушы мамандығымен, оның ерекшеліктері мен азаматтық қорғау Академиясына түсу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған.
Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер — бізді табиғи және техногендік қауіптерден қорғап, өз өмірін тәуекелге байлайтын адамдар. Бұл мамандық тек физикалық және моральдық төзімділікті ғана емес, сонымен қатар жоғары дайындықты қажет етеді. Құтқарушының жұмысы жай еңбек емес, бұл абыройлы міндет.

Төтенше жағдайлар саласында мамандар даярлайтын Қазақстанның жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны — Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы. Осы жылдар ішінде ол 5000-нан астам білікті мамандар шығарды, олар күндіз-түні азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауда.
Кездесуде оқушыларға Академияның күндізгі бөліміне түсудің төрт кезеңдік рәсімі туралы айтылды: қабылдау комиссиясының кандидаттардың оқу ісін қарауы; Медициналық және психофизиологиялық тексеру; дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру; оқуға қабылдау үшін конкурстық іріктеу.

Академияға тек ұлдар ғана емес, қыздар да қабылданатынына ерекше назар аударылды. Курсанттар үшін жатақханада 1-3 курс аралығында тұру қарастырылған. 4 курста Академиядан тыс жерде Көкшетау қаласында тұруға мүмкіндік беріледі.

Қазақстанда оқудан басқа, курсанттар мен офицерлер Ресей мен Беларусьтің оқу орындарында дайындықтан өте алады.

Кездесуде депутат Алмасбек Нұғман ТЖ қызметінің қызметкерлері үшін алдағы жақсартулар туралы айтты. Биылғы жылы қызметті жаңғырту, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбек жағдайларын жақсарту жоспарланып отыр, бұл тиімдірек жұмысты қамтамасыз етілетіндігін айтты.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдар беруінде маңызды рөл атқарады, оларға құтқарушының маңызды және сұранысқа ие кәсіп екенінін таңдауға көмектеседі. Ақпарат оқушылардың қызығушылығын тудырды, бұл осындай кездесулерді жалғастырудың маңыздылығын көрсетеді.
Құтқарушылар-бұл мамандық қана емес, өмір салты. Құтқарушы болу дегеніміз- кез-келген қиындыққа қарамастан адамдарға көмектесу. Бұл мамандықты таңдау-тектілікті пен жауапкершілікке толы болашаққа қадам.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі