2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап "Алматы-Өскемен" А-3 Республикалық маңызы бар автожолында ауа-райының нашарлауына байланысты (қалың тұман және нөлдік көріну) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді. Жолдың жабық учаскесі: 25 км-ден (ПВП терминалы) 47 км-ге дейін (Алатау қаласындағы бұрылыс).
Көрсетілген бағыт бойынша сапарлардан бас тарту және жаңартуларды қадағалау ұсынылады.