
Орта мектеп оқушыларына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
2025 жылғы 17 қаңтарда Қонаев қаласының А. Жұбанов атындағы №5 орта мектебінде ТЖ департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған іс-шара өтті Іс-шараның негізгі мақсаты оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы хабардарлығын арттыру сондай-ақ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу перспективаларына олардың назарын аудару болды
Кездесу аясында өрт кезіндегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін және төтенше жағдайлардың алдын алу әдістерін егжей-тегжейлі талдайтын сабақтар өткізілді Оқушыларға күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын ашатын танымдық бейнероликтер көрсетілді Кәсіби даму мәселелеріне ерекше назар аударылды Балаларға М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы оның білім беру бағдарламалары және талапкерлерге арналған мүмкіндіктері туралы айтылды
Оқушыларға оқуға түсу шарттары, кандидаттарға қойылатын талаптар сондай-ақ төтенше жағдайлар саласындағы жетекші білім беру мекемелерінің бірінде оқыту перспективалары егжей-тегжейлі түсіндірілді
Мұндай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді және олардың алдында азаматтық қорғау саласындағы кәсіби даму үшін жаңа көкжиектер ашады
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі