Ұлы істерге дайын болыңыз – ҚР ТЖМ Академиясына қосылыңыз!

Ұлы істерге дайын болыңыз – ҚР ТЖМ Академиясына қосылыңыз!

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ҚР ТЖМ АГЗ-ға түсу бойынша үгіт-насихат жүргізді.
Ұзынағаш ауылының Аудандық мәдениет үйінде ауылдың он мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіліп, оларға АГЗ-ға түсу және қабылдау ережелері, шарттары түсіндірілді. М. Ғабдулина ҚР ТЖМ.
Департамент қызметкерлері Академияға түсу ережелері, талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар, казармадағы өмір және оқу орнының артықшылықтары туралы айтып берді. Оқушылар АЗГ-да оқу перспективасына өте қызығушылық танытты және Департамент қызметкерлерімен қызу әңгімелесті.
Соңында барлық қатысушыларға ҚР ТЖМ АГЗ-ға түсу қағидалары туралы ақпараты бар жадынамалар табыс етілді.
Айта кету керек, курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Барлық оқу кезеңіне курсанттар тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі. Академияда күндізгі оқу курсын толық бітірген адамдарға оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі.
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге лейтенант офицерлік атағы беріледі және ҚР ТЖМ бөлімшелерінде қызмет өткеруге келісімшарт жасалады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі