Облыс аумағында "Крещение Господня діни мерекесі кезінде шомылу үшін 16 орын бекітілді. Шомылдыру рәсімінен өту 18-19 қаңтарға қараған түні басталады және келесі үш күнде жалғасады. Діни рәсімді қауіпсіз өткізу үшін шомылу кезеңінде арнайы шомылуға жабдықталатын орындар (яғни купель) болады.
Бұл купельдерде тұтқалар, баспалдақтар және басқа қауіпсіздік элементтері бар. Барлық шіркеулерде жаппай шомылу кезеңінде Алматы облысы ТЖД, Дін істері басқармасының, полиция департаментінің 200-ге жуық қызметкері, дәрігерлер мен 29 техника кезекшілігі ұйымдастырылады.
Шомылу кезінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз:
- құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу рәсімін өткізу;
- шомылудан бұрын жылыну, денені жылыту;
- купельдерге ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек;
- ми тамырларының тарылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, мойынға батырған дұрыс;
- алкогольді ішпеңіз;
- балаларды шомылуға тек ата-аналарымен ғана рұқсат етіледі;
- шомылғаннан кейін, ыстық шай ішіңіз;
- созылмалы аурулары бар адамдарға шомылу ұсынылмайды.
Алматы облысы бойынша шомылуға арналған жабдықталған орындардың тізімі:
Қонаев қаласы:
- № 5 жағажайы (18 ш-а);
Іле ауданы:
- «Адриано-Натальинский приход Астанайской и Алматинской Епархии» (Өтеген батыр ауылы, Ажимуратов к-сі, 1 үй);
- «Приход в честь иконы Божьей Матери «Неупиваемая чаша» Астанайской и Алматинской Епархии» (Қосөзен ауылы, Таугүл к-сі, 20 үй);
- «Свято-Иверский приход Астанайской и Алматинской Епархии» (Боралдай ауылы, Курчатов к-сі, 13 үй);
- «Приход храма Святителя Николая Астанайской и Алматинской Епархии» (Ақсай (Междуреченск) ауылы, Школьная к-сі, 15 үй);
- «Приход Свято-Сергиевского храма Астанайской и Алматинской Епархии» (Түймебаев ауылы, Заречная к-сі, 41 үй);
- «Рыбацкая усадьба» жекеменшік мекемесінің су қоймасы (Ақсай ауылы, Водохранилище к-сі, 32 үй);
Талғар ауданы:
- «Скид Иверско–Серафимовского женского монастыря в честь иконы Божией Матери «Живоносный источник» Астанайской и Алматинской Епархии» (Қарабұлақ ауылы, Әз-Жәнібек хан к-сі, 90 үй);
- «Приход храма Святителя – Николая Астанайской и Алматинской Епархии» (Талғар қаласы, Гагарин к-сі, 68 үй);
- «Приход в честь Иконы Божьей Матери «Утоли мои печали» Астанайской и Алматинской епархии (Панфилов ауылы, Гагарин к-сі, 2 үй);
Жамбыл ауданы:
- «Приход Казанского храма Астанайской и Алматинской Епархии» (Ұзынағаш ауылы, Сәтпаев к-сі, 90 үй);
- «Володя» шаруа қожалығына қарасты көл (Жайсаң ауылы);
- «Свято-Тихоновский приход Астанайской и Алматинской Епархии» (Қарғалы ауылы, Журунов к-сі, 11 үй);
- Таран ауылдық округінің аумағындағы «Ақсеңгір» өзенінің жағалауы (Таран ауылы);
- Балқаш көлінің солтүстік-батыс бөлігі (Үлкен ауылы);
Қарасай ауданы
- «Свято-Никольский приход Астанайской и Алматинской Епархии» (Іргелі ауылы, Шұғыла көшесі, 46/1 үй).
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі