
2025 жылғы 9 қаңтарда ТЖ Министрінің "2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру туралы" бұйрығына сәйкес Қонаев қаласының 10 шағын ауданының мектебінде Спорт күні ұйымдастырылды.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері екі команда құрамында мини-футбол ойынында бақ сынасты.
Салауатты қоғамға апаратын жол әрқайсымыздан басталатынын және физикалық белсенділік дұрыс бағыттағы қадам екенін есте ұстаған жөн.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі