Қар көшкінінің профилактикалық түсуі

Қар көшкінінің профилактикалық түсуі

2025 жылғы 9 қаңтарда 12 сағат 35 минуттан 13 сағат 00 минутқа дейін Талғар ауданының "Ақбұлақ" шаңғы базасында теңіз деңгейінен 2664 метр биіктікте қар көшкінінің профилактикалық түсуі жүргізілді.
"Ақбұлақ" шаңғы базасының көшкін жинағыштарында ГАЗЕКС құрылғысының көмегімен 4 жарылыс болды.
Қар көшкінінің көлемі:
- Газекс (4-ші көшкін жинау) - көшкін түспеді.
- Газекс С (4 — ші көшкін жинау) - 20 м3 түсті.
- Газекс Е (6 — шы көшкін жинау) — түскен көшкіннің көлемі-42 м3.
- Газекс F (7 — ші көшкін жинау) — түскен көшкіннің көлемі-30 м3.
Жалпы көлемі: 92 м3.
Алдын алу жұмыстарына 10 адам қатысты, оның ішінде ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ АТЭТО филиалының 5 қызметкері, Талғар ауданы ТЖБ-нің 1 қызметкері және "Ақбұлақ"шырқ-ның 4 маманы.
Сонымен қатар, демалушыларға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау және дұрыс мінез-құлық туралы брошюралар таратылды.
Құрбандар мен қиратулар тіркелген жоқ.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі