Жаңа техника - қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам

Жаңа техника - қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам

Төтенше жағдайларға қарсы күреске дайындықты қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру бөлімшелері соңғы буынның, оның ішінде көпфункционалды және біріздендірілген үлгідегі заманауи техникамен, жабдықтармен жарақтандырылады.

Алматы облысына Skoda Kadiag маркалы 5 жаңа жедел әрекет ету автокөлігі және техника сатып алу бойынша қаржы лизингі қызметтері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған шаруашылық қызметті қамтамасыз ету үшін 10 жүк көлігі келді.

Ең күрделі жол жағдайларын еңсеруге дайын Skoda Kadiag жедел әрекет ету автокөлігі өңірдің құтқару қызметтерінің, әсіресе қол жеткізу қиын және шалғай аумақтар жағдайында жұмысының жеделдігі мен тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Жаңа жол талғамайтын көліктер төтенше жағдайлар туындаған және олардың зардаптарын жою кезінде жедел ден қоюды қамтамасыз ету, адамдарды жедел құтқару жөніндегі аса маңызды міндеттерді шешетін болады.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі