Қонаев қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді

Қонаев қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді

Қысқы демалысты ұйымдастырушылардың назары мұзда қауіпсіз балық аулауға және мәдени демалуға жағдай жасауға аударылды

Алматы облысы ТЖД бастамасы бойынша Қапшағай су қоймасында қысқы балық аулауды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін Қонаев қаласының кәсіпкерлерімен қала әкімінің төрағалығымен кездесу өткізілді

Кездесу барысында кәсіпкерлерге мұз астындағы балық аулауға әсіресе түнгі балық аулауға қатысты барлық сұрақтарға жауаптар берілді Сондай-ақ, қауіпсіз балық аулауға және азаматтардың мұз үстінде мәдени демалуына жағдай жасау бойынша бірқатар мәселелер шешілді    

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі