Облыстың көшкін және су тасқыны қауіпті учаскелерін зерттеу жалғасуда

Облыстың көшкін және су тасқыны қауіпті учаскелерін зерттеу жалғасуда

Алматы облысының ТЖД мүдделі органдармен бірлесіп облыстың көшкін және су тасқыны қауіпті учаскелеріне аэровизуалды тексеру жүргізді.

Қысқы және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Іле-Алатау жотасының қар көшкіні қаупі бар учаскелерінің және Балқаш, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген аудандарының су тасқыны қаупі бар аймақтары және мұздық көлдер жай-күйін бағалау үшін ТЖД мамандары ЖАО, "Қазселденқорғау" ММ, "БАБИ" РММ және "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8 тікұшағымен аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Зерттеу қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ұсынымдар мен акт дайындалды, олардың шешімі Алматы облысының аумағында су тасқыны және қар көшкіні кезенінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі